Шымкентте бұған дейін елімізде қолға алынбаған кәсіп түрлері дамып келеді. Мәселен, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында әртүрлі пішіндегі кеңсе қағаздары шығарылады. Бұл Қазақстандағы қағаз шығаратын жалғыз кәісіпорын. «Qagaz ordasy» ЖШС 2020 жылдың маусым айында іске қосылған. Бүгінде 20-дан астам тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал, өнімдерін Қазақстанның барлық қалаларына жөнелтеді.
Асхат Қалдыбаев – «Qagaz ordasy» ЖШС-нің директоры
Қағаз шығаратын кәсіпорын Қазақстанда мүлдем болмағасын ашуды жөн көрдік. Осы күнге дейін 350 миллион теңге көлемінде инвестиция құйдық. Алдағы уақытта да ауқымын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттен қолдау ретінде кеден, тб салық түрлерінен босатылғанбыз.
Ал, «Luxe shoes» аяқ киім фабрикасы енді аяқ киім табандарын Түркиядан алдырмайды. Кәсіпорынға арнайы аппараттар алынып, өткен жылдан бері өздері өндіруді бастаған. Өнімнің толығымен өзімізде дайындалуы тиімді, бағасы да арзанырақ болады,- дейді өнеркәсіп өкілдері.
Ғұламжан Назарметов – технолог
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында отандық өндірісті қолдауды, инвестиция тартуды және халықтың жұмыспен қамтылуы бағытында нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінде Президент жүктемесі Шымкентте жүйелі түрде жүзеге асып жатқандығына куә болдық.