ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

Жаңалықтар
03.02.2021, 14:04
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

Ал, Бозарық-2 шағын ауданының тұрғыны Алмасхан Еспаев қоғамдық көліктердің кестесін қайта жасауды, шағын аудандағы жол жүру бағыттарын ұзарту жөнінде өтініш білдірді.  -  «Бозарық шағын ауданына қатынайтын №171 автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіліп, Бозарық-2 шағын ауданындағы балабақшаға дейін ұзартылды. Бүгінде №171 автобус балабақшаға дейін тасымалдау қызметін атқарып жатыр. Алдағы уақытта да қоғамдық көлік саласында көптеген өзгерістер болады. Қозғалыс бағыттары барынша оңтайландырады. Шымкент – үлкен мегаполис, халық саны артып, қала аумағы кеңейген. Бір нәрсені түсіну керек, тұрғындардың барлығының есік алдына аялдама орнатып беру мүмкін емес. Шалғай аудандарда автобустар орталық көшелерде жүретін болады» - деді Мұрат Әйтенов.   Өз кезегінде азамат мәселесінің шешімін тапқандығына алғысын білдірді. Сонымен қатар, қала әкімі азаматтарды қабылдау барысында әкімдік тек заңға сәйкес көмек көрсете алатынын, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек бойынша берілетіндігін баса айтып өтті.

 

АВТ. ӘЙГЕРІМ.        

Сұхбат

PhotoRoom