ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Жаңалықтар
08.02.2021, 14:25
ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Сенбілікке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да атсалысып, Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы тазалық шарасына өз үлесін қосты. Сенбілікке 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 150 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілді.

Шыңғыс Мұқан - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

– Бұл – осы жылдың алғашқы сенбілігі. Наурыз айынан бастап сенбілік апта сайын ұйымдастырылатын болады және оған барлық ұйымдардың күші тартылады. Тазалық әр үйдің ауласынан басталады. Сондықтан қала тұрғындарын өзі тұратын көпқабатты тұрғын үй болса ауласын, үйлерінің маңын тазалауға шақырамын.

Сондай-ақ, жалпықалалық сенбілік барысында Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандары аумағында тазалық жұмыстары қызу жүргізілді. Атап айтсақ, «Ынтымақ-2» шағынауданындағы айналма жолының бойы және аяқжолдары мен ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен қатар «Сәуле» шағынауданы және Айналма тас жолы бойында, орталық аумақтағы 8 орында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Гүлжамал Жұмабекова – Шымкент қалалық әкімі аппаратының маманы

Сонымен қатар, Қаратау ауданы аумағындағы шатқалдар, көше бойлары мен көпқабатты үй аулалары тазаланып, тұрғындар белсенділік танытты. Ал Еңбекші ауданы бойынша Тұрдыабад, Базарқақпа тұрғын алаптарында және «Фосфоршылар» мәдениет сарайы аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Енді мұндай жалпықалалық сенбілік наурыз айынан бастап әр аптада жүргізілмек.

Сұхбат

PhotoRoom