Әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне атсалысу. Мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың проблемаларына мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның назарын аудару – басты мақсат. Жиында сөз алған «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева осыған дейін бірлескен жұмыстың нәтижелерін баян етті.
Жанар Бектаева - «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Үшжақты ынтымақтастықтың көздегені - бір. Бұл құжат -партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», және «Ардагерлерді ардақтайық» жобасымен үндеседі.
Жұмағали Білісбеков – Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті
Спикер: Дәуренбек Құрбаниязов - «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының директоры
Айту керек, «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры пандемия кезінде талай іске қолдау білдірді. 13 мыңнан астам азаматқа бір реттік азық-түлік себетін үлестірді. Енді жаңа құжат тараптардың бірлескен жұмысына тың серпін бермек. Меморандумға қол қою рәсімінде сала өкілдері мұқтаж мұңын сейілту бағытындағы іске жоғары жауапкершілікпен қарауға уағдаласты.