Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында әр түрлі салаларда мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында салынып, пайдалануға берілген нысандардың артқанын айтты. Сонымен қатар, қала басшысы МЖӘ аясындағы жобалар екі тарапқа да тиімді екенін жеткізді.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімі – 7 жыл, оның ішінде құрылыс мерзімі – 36 айды құрайды. Бұл жобада сыртқы жарықтандыру желілерін салу, яғни, 14264 дана жарық диодты шамдар, 14264 дана бағаналар мен 436 км кабель жүргізіледі. Нәтижесінде төрт жылда 303 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қоса, ескі жарықшамдар мен тозған бағаналар жаңаларына ауыстырылады.
Боранбай Болатбеков – Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Сессияның күн тәртібінде бұдан бөлек, Шымкент қаласының басқару схемасы туралы шешімі мен Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды.