ИШИМ-нің Орталық Азияға қадамын Қытай жоққа шығармайды

Жаңалықтар
23.01.2015, 16:19

"Ирак, Шам Ислам мемлекеті" Орталық Азия жеріне екінші қадамын жасамақ, ол үшін 70 млн АҚШ долларын бөледі деп жазады,  қытайлық "Жэньминь жибао" газеті. 

Қытайлық инетрнет-басылым 21-қаңтар күні осы мәселені ресейлік "Независимая газета" да жариялағанын, ал, 20-қаңтарда Орталық Азиядағы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаевты қабылдап, қауіпсіздік мәселесіне жіті көңіл бөліп отырғанын жазды.

Қытайдың халықаралық зерттеулер институтының Орталық Азия бойынша ғылыми қызметкері Ся Ишань "Хуанцю Шибао" газетіне берген сұхбатында "терроршылардың Еуропаға ылаң салғанына қарап, бұл аймаққа да "екінші майдан" ашу олар үшін аса қиын емес екенін аңғарамыз" депті. Қытай жағы ИШИМ Орталық Азия жеріне аяқ басса, Қытайдың Батыстағы тұтас шекарасына қауіп төнеді деп сескеніп отыр.

Бүгін АҚШ жағы Өзбекстанға есірткі тасымалдаушылар мен терроршыларға қарсы күрес үшін арнайы қару-жарақ жеткізіп бергені туралы ақпарат тарады. "Америка дауысының" хабарлауынша, дәл осындай ұсыныспен АҚШ үкіметі Қазақстан мен Тәжікстанға шыққан екен. Алайда, аталған мемлекеттерден нақты жауап болмаған соң Өзбекстанмен келіссөздер жүргізген.

Сұхбат

PhotoRoom