«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
18.02.2021, 14:37
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Рақымберді Мулкемановтың айтуынша, алдағы 5 жылда экономика саласында  32 жаңа кәсіпорын, 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында 42 жоба іске асырылатын болады. Басқарма басшысы білім саласында 5 жыл ішінде 72 мектептің іргесі қаланып, 3 ауысымды және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесі 100% шешілетіндігін жеткізді. 

Рақымберді Мүлкеманов – Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Фракция отырысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру арқылы қаладағы әлеуметтік мәселелерді шешуге болатынын жеткізді. Осы міндеттерді орындауда барлығымыз бірлесе еңбек етуіміз қажет, - деді ол өз сөзінде.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Жиын соңында Nur Otan фракциясының барлық 23 мүшесіне партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі қалалық Жол картасының 149-тармағын орындау және бақылау жүктелді.
 

Сұхбат

PhotoRoom