КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жаңалықтар
22.02.2021, 14:39
КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облыстық  футбол  мектебі ұжымының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында кіші футболдан мектеп біріншілігі аяқталды.  Жарысқа арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Түркістан облыстық  футбол  федерациясының президенті, генерал Хәкім Қошқалиев жастарға сәттілік тілеп,  жеңімпаздарды құттықтады. Түркістан облысында футболды өркендетуге жаңа реформаларды енгізуді қолға алған Түркістан облыстық  футбол  федерациясының президенті,   өңірімізде балалар  мен  жасөспірімдер футболын өркендетуге үлесін қосатындығын жеткізді.

ХАКІМ  ҚОШҚАЛИЕВ- ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСТЫҚ  ФУТБОЛ  ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ

Бас  жүлдені қанжығасына байлаған Түркістан облысының балалар мен  жасөспірімдер футбол мектебінің командасы алтын медальге ие болса, күміс жүлде Шымкент  қаласының «Ордабасы» футбол  орталығының жастарына бұйырды.  Ал,  қола жүлдені облыстық  футбол мектебінің тағы да  бір командасы  «Таукент» футболшылары иеленді. Жарысты жоғары деңгейде өткізген облыстық  футбол мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Талғат Сұлтанбекұлы азат елдің жастары үшін  спорт патриоттық тәлім тәрбие беретінін айтты.

ТАЛҒАТ СҰЛТАНБЕКҰЛЫ  – ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСЫНЫҢ  БАЛАЛАР  МЕН  ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН  ФУТБОЛ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүктеу

Сұхбат

PhotoRoom