ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР ЛИГАСЫ БАСТАЛДЫ

Жаңалықтар
01.03.2021, 14:47
ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР ЛИГАСЫ БАСТАЛДЫ

Жобаның мақсаты-мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылды. Бүгінде әрбір команда мүшелерінің атауы, ұраны және бірыңғайы киім үлгісі жасақталып, сайысқа қатысушылар спорт алаңында өздерін таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жарысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі 1 Наурыз алғыс айту күнімен құттықтады.

Шыңғыс Мұқан –Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Жарысқа қатысуға 140 мектеп өтініш берген. Атап айтар болсақ   фуболға 37 команда, волейболға-35, баскетболға-36 ал, шахмат ойынына 38 команда қатысуға ниет танытып отыр.  Жалпы, сайысқа қатысуға Шымкент қаласының 4 ауданы да  белсенділік танытуда.   

Самал Елмұрат –жанкүйер

Жарыс қорытындысы бойынша,  I, II және  III  орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, спорт түрлерінен « Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жетекші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар да табысталмақ.

Сұхбат

PhotoRoom