ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ОФЛАЙН ОҚЫП ЖАТЫР

Жаңалықтар
02.03.2021, 14:56
ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ОФЛАЙН ОҚЫП ЖАТЫР

Бұдан былай мегаполистегі  жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.Өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді. Бұл ретте мектептер осы оқу жылында қолданыстағы жұмыс оқу жоспарларын басшылыққа алады.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

1-5 сынып оқушылары 25 баладан тұратын сынып комплектісімен оқуын бастады.

2021-2022 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау уақытыда өзгерді. Бастауыш сыныпқа  құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың  1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылатын болды.  Үш ауысымда білім беретін кейбір мектептерде сынып  сиымдылығы 35-40 болғандықтан оқушыларды мектепке қабылдауға шектеулер қойылады.1 – сыныпқа қабылдауға өтінішті  «E-gov», электронды порталы немесе «Sakura24.kz» сайты арқылы жүзеге асыруға болады.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

жылда біз балаларды 1-ші қыркүйекте қабылдап жатамыз.

1 наурыздан сабақтан тыс уақытта білімдегі олқылықтарды толықтыру үшін оқушыларды жеке оқыту 15 адамнан аспайтын топтарда мүмкін болады. Бұл жағдай әлі де қашықтан оқытуда қалып отырған 6-8, 10 сыныптарға қатысты. Бұл міндетті емес, мұғалімдердің шешімі мен оқушылардың ата-аналарының келісімі бойынша іске асырылады.

Сұхбат

PhotoRoom