ШЫМКЕНТ: ЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 2897 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Рейтинг
02.07.2020, 09:47
ШЫМКЕНТ: ЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 2897 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы негізінде тындырымды тірліктер атқаруда.

Үстіміздегі жылдың 25 маусымындағы жағдай бойынша жастар практикасымен 1317 жас түрлі жұмыс орындарына жолданды. Жылдың соңына дейін 3000-нан астам жасты қамту жоспарланған.

Ал, қоғамдық жұмыстарға 2654 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 258 адам жолданған. Шымкентте "Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша жұмыстар қарқын алған.

Аталған бағдарлама жүзеге асырылғалы орталық тарапынан түрлі құрылыс нысандарына жоспардағы 4190 адамның 2897 - сі жолданған.

Сұхбат

PhotoRoom