Түркістан жерінде өткен бұл жауапты СуперКубок ойындарына Денис Измайлов бас төрешілік жасады. Алғашқы сəттен бастап -ақ алаңға бас бапкер Андрей Тихонов бастаған астаналықтар шабуылға лап қойды. «Астана» командасының шабуылшысы Марин Томасовпен пас алмасқан Семир Смайлагич допты қақпаға бағыттады. Асқан шеберлікпен орындаған соққы қақпа бағанасынан қиыс кетті. Мұнан соң қостанайлықтар ойын тактикасын өзгертіп, қарсыластар қақпасына бірнеше қауіпті шабуылдар жасады. Қарымта шабуылдардың бірінде «Тобыл» командасы бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Ойынның 13-ші минутында Серікжан Мұжықовтың асырған добын әріптесі №25 нөмірлі Сергей Малый қақпа торына түсірді. Есеп 1:0. Осылайша "Тобыл" командасы алға шықты.
Екінші тайм барысында елордалықтар шабуылды толықтай қолдарына алды. Алайда таблодағы есеп өзгеруссіз қалды. Тартысқа толы матчтың екінші кезеңінде астаналықтардың шабуылымен басталды. Елордалықтардың кезекті шабуылдарының бірінде Марин Томасов командаласы Роман Мұртазаевқа пас асырып, жеке шыққан Роман Мұртазаевты тобылдық ойыншылар өрескел қателікке бой алдырып, айып добы белгіленді. «Астана» командасының шабуылшысы №10 нөмірлі Марин Томасов айып добын орындауда мүлт кетпеді. Александр Мокин қорғаған қақпадан саңылау тауып, есеп айырмасын теңестірді. Есеп 1:1.
Ойынның негізгі уақыты тең нәтижемен аяқталып, пенальти орындау белгіленді. Пенальти нəтижесінде 5:4 есебімен «Тобыл» командасы жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының Суперкубогінің иегері атанды. Жеңімпаз атанған қостанайлық команданы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков марапаттап, 2021 жылдың футболдан Қазақстан Республикасының Суперкубок ойындарының жеңімпазы «Тобыл» командасының капитаны Азат Нұрғалиевке табыс етті. Осылайша, Григорий Бабаян бастаған жігіттер алтын медальге ие болып, бас жүлдені қанжығаларына байлап кетті.