ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Жаңалықтар
11.03.2021, 15:21
ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Қымбат қазір сабақтан қалмайды. Өйткені, төрт жарым ай бойы қашықтықтан оқып әбден қажыған. Қазір, өзі таңдаған мамандығын ұстаздарының нұсқаумен терең меңгеріп жүр. Өздеріне осындай мүмкіндік туғанына тек қуанады.

Қымбат Айнақұлова  - студент

Оқу орнының әр қабатында антисептиктер мен бетпердені тастауға арналған жәшіктер орнатылған. Одан бөлек температура өлшейтін құрылғымен де қамтылған. Бұдан бөлек, кабинетттерге арнайы кварцтар қойылған.  Әр 40 минут сайын білім алушыларды сыртқа шығарып, ауа тазартылады.

Гүлнар Үсенова -  мұғалім

Қазіргі таңда 4 қабатты колледже 500-ге жуық 1 курс стденттері білім алуда. Әр қабатта  2 топтан 12 және 13 шәкірт оқиды. Дәрістер аудиторияларда өтсе, тәжірибелік және зертханалық сабақтар қашықтықтан жүргізілуде.

Гүлзат Үкібайқызы - колледж басшысы

Ұстаздардың айтуынша, студенттер дәртүрлі форматты әбден сағынған. Бірі мұғалімдерімен жүзбе-жүз танысқанына қуанса, енді бірі өзі сүйген мамандығының қыр-сырын теориялық түрде терең меңгергеніне мәз.  Айта кету керек, жоғарғы курс студенттері әлі де қашықтықтан білім алуда. Олармен мұғалімдер үнемі байланыста.

Сұхбат

PhotoRoom