ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕЙТІН ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

Жаңалықтар
19.03.2021, 15:30
ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕЙТІН ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

Абай мұрасын дәріптейтін мемуаралдық тақта Абай ұрпағының Шымкент қаласымен тығыз байланысты екендігінің  дәлелі болып табылады. 30 жылдың көлемінде сақталып келген тақта Мұхтартану ғылыми орталығына тапсырылды. Жәдігерде талай жылдардан бері жұмбақ болып келген Абай ұрпағының мазаратының қойылған жері берілген. Абайдың баласы Тұрағұлдың және келіндері Камилия мен Рамажанның жерленген жерлері белгілі болып отыр.

Ақжол Қалшыбек – Мұхтартану ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, доцент

Абайдың кенже баласы Тұрағұлдың  қызы Мәкен апаның тапсырысымен жасалған тақта әлі де жан-жақты қаралады. 90 - жылдары  жасалған мемуаралдық тақтаны Аян Тоқсанбай, Бекен Жақыпбек деген ел азаматтары  көзінің қарашығындай сақтап келген.

Әзімхан Исабек – Мұхтартану  ғылыми зерттеу орталығының жоғары білікті маманы

Айта кетейік, Жақын арада Мұхтартану орталығында арнайы тұғыр әзірленеді. Мемуаралдық тақтаны кез келген азамат барып тамашалай алады. 

Сұхбат

PhotoRoom