БЕНЗИН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Жаңалықтар
29.03.2021, 09:35
БЕНЗИН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Шымкентте 258 жанармай құю бекеті бар. Қазір әрқайсысындағы баға әртүрлі. Бірақ қымбаттаған. Мәселен 2-3 күн алды ғана «АИ 92» маркалы бензин 147 теңгеден саудаланған болса бүгінде оның құны 155 теңгеден кем есмес. Жүргізушілер, сұйық отын құны күн санап қымбаттап жатқанын айтады.

Марат Меңлібек – көлік жүргізуші

аптаның өзінде 3-4 теңгеге қымбаттап кетті. Қалтаға ауыр тиіп жатыр. Пандемия кезінде. Бұл жағдай қайталанып отырады ғой. Жыл сайын көктем келсе болды бензиннің бағасы күрт өседі. Стык Алдын 149-150 теңгееді. Бүгін 157-ге барып тұр. Әрі қарай өссе білмеймін енді. 

Ал, аймақтағы жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы болса бұл қымбатшылықтың қолдан жасалып отырғанын айтады. Өйткені, қазір қаладағы жанармай құю бекеттерінің 67 пайызы өнімді алыпсатарлардан алады. Бүгінде бағаны шарықтатып отырған солар. Себебі, соңғы уақытта елдегі алып компаниялар жанармай құю бекеттеріне берілетін бензин бағасын негізсіз қымбаттатып жіберген.

Қайыпбек Қамбаров – Жанар – Жағармай қауымдастығының төрағасы

үлкен қор ұстаушылар өздерінің дегенін істеп келе жатыр. Өйткені қазір олардағы көтерме баға 160-156 теңге көлемінде. Стык 02:45 Ал, үлкен компанияларда көп болғандықтан оларда баға 155 теңге. Ал, шағын аудандарда баға 160 теңгеге дейін кетіп қалыпты. 165 деген де мәліметтер бар.

Қауымдастық төрағасы қымбатшылықтың алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін екенін жасырмайды. Өйткені бізде бензин бағасы бақыланбайды. Зауыттардан шыққан өнімнің қай өңірге қалай бөлініп жатқанына да талдау жоқ. Осылай деген төраға бүгін-ертең болмаса да алдағы 3-4 жылда біздегі сұйық отын құны көрші Ресей елімен бірдей болуы мүмкін.

Қайыпбек Қамбаров – Жанар – Жағармай қауымдастығының төрағасы

Бензин арзандамайды. 25 жылға дейін Еуразиялық келісімшарт бойынша барлық жақта баға тең болуы керек деген ұсыныс бар. бұған нақтылай схема жоқ.

Айтып өтейік, қазір қаладағы жанармай құю бекеттерінде тапшылық жоқ.

Сұхбат

PhotoRoom