МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҰҚТАЖДЫҒЫ ТЫҢДАЛДЫ

Жаңалықтар
30.03.2021, 09:37
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҰҚТАЖДЫҒЫ ТЫҢДАЛДЫ

Аталмыш акция бас партия жетекшілігімен ағымдағы  жылы алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмау.  Қабылдауға келген Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы да өз ұсынысын білдірді. Оның айтуынша, мүгедек жандарға қызмет ететін көліктер санын арттыру қажет.

Вадим Торопов - «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Біздің қоғамдық бірлестік орта есеппен күніне 500 азаматқа қызмет көрсететі. Мүмкіндігі шектеул жандарды оңалту орталықтарына, оқу орындарына тасымалдаймыз. Сондай-ақ, оларға элекиронды қызмет түрлерін алуға да көмек көрсетеміз. Біздегі қазіргі басты мәселе – көлік тапшылығы. Өздеріңізге белгілі, мегаполис ұлғайып, кептеліс көбеюде. Сондықтан, бұл мәселе өзекті болып отыр.

Арызын арқалап келгендердің бірі 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Мұратбек Дүйсебеков. Азаматтың зайыбы да ерекше күтімді қажет ететіндер санатында. Ерлі зайыптылар ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерді жағалап келеді. 2016 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрса да, тізім баяу жылжып жатқандығын айтады.  Жауаптылардан баспаналы болғанша уақытша пәтер беруін сұрайды. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан берілетін мүлік сапасының төмендігін жеткізді.
Мұратбек Дүйсебаев – Шымкент қаласының тұрғыны  

Тұрғындардың мәселесіне қанық болған партия мүшелері әр өтініш жіті бақылауға алынатынын айтты. Партияның фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов тиісті сала мамандарына тапсырмалар жүктеді

 

Сұхбат

PhotoRoom