Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Жобаның бастамашылары атап өткендей, негізгі мақсат – қиындықтарды жеңе алатын, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамыта білетін, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру. Бұл бағдарламаның балалар мен жастарға берері көп, - дейді ұйымдастырушылар.
Раушан Омарханқызы - Шымкент қаласы ДАРЫН орталығының директоры
Бағдарлама үш деңгейден тұрады: қола, күміс және алтын. Әрқайсысы ұзақтығы бойынша ерекшеленеді. Қола медальін алу үшін алты ай, «күміс» – бір жыл, «алтын» – бір жарым жыл сынақтан өту керек. Осы кезеңде жеті бағыт бойынша тапсырмаларды орындау қажет: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Осындай сайыстардан сүрінбей өтіп, медальға ие болғандардың бірі – Ырыскелді Абдраманов.
Ырыскелді Абдраманов – қола медаль иегері
Айтып өтейік, 2020 жылы қолға алынған жобаға Шымкент қаласы бойынша 590 жас қатысса, оның 131-і қола медаль иегері атанып отыр. Ал, бүгін Шымкенттік 80 жас өз жүлделерін салтанатты түрде қолдарына алды.