ШЫМКЕНТ: «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Рейтинг
02.07.2020, 13:32
ШЫМКЕНТ: «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасы аясында Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қоры «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын өткізді. Төтенше жағдай кезінде мешіттерде қызмет бабында жүріп науқастанып, ыстығы көтеріліп, ауырып қалған имамдарға рухани һәм материялдық қолдау көрсетілді.

Шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, Қажылық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, Жастар секторы жетекшісі Анарғали Керімбеков қатысып, үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

Науқастанып қалған 17 діни қызметкерлердің еміне дәрі-дәрмек сатып алу үшін арнайы қаржы үлестірілді.

Сұхбат

PhotoRoom