ММА ЧЕМПИОНЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жаңалықтар
25.01.2023, 17:51

Бүгін “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының  ұйытқы болуымен рухтастар жиыны өтті. 

ММА ЧЕМПИОНЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
AMANAT

Онда ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем кубогының иегері және бразилиялық Джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы Оспанов Арман Арипханұлы белсенді жастармен кездесті. 

Кездесу Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығында «Рухтастар Cases» жобасы аясында ұйымдастырылды. 

Ұлт мақтанышына айналған спортшы жастарға спорттық мансап жолындағы қиындықтары мен алдағы жоспарлары жайында әңгімеледі. 

Одан әрі, Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығындағы спорттық секциялардың жұмысымен танысып, жас жеткіншектердің дайындығымен таныс болды.

Іс-шара соңында ММА чемпионы жастарға қандайда бір жетістікке жету жолында алға мақсат қойып, аянбай еңбек ету керектігін жеткізді.

#ЖастарРухы #amanat

Сұхбат

PhotoRoom