Жанар Бектаева – «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
жылдың басынан қазірге дейін партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1645 өтініш түсті. Оның 751-і оң шешімін тапты, 817-іне заңға сәйкес түсінік берілді, 77-і қаралу үстінде.
«Қоғамдық бақылау комиссиясының жұмысына баға беретін – ол халық». Осылай деген қала әкімі Мұрат Әйтенов комиссия мүшелеріне, ең алдымен қарашаны толғандыратын негізгі мәселелерді шешуді тапсырды. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыратын жол картасының өнімді жұмыс істеуіне жұмылуға шақырды.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі
Филиал төрағасы жауаптыларға жемқорлықпен жіті күресуді жүктеді. Сондай-ақ, шаһар басшысы жергілікті тұрғындардың түйткілдерінің оңтайлы шешілуіне және қалалық партия ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге ат салысқан партия белсенділерін арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Мәжілісте тұрғындар онлайн сауал жолдап, кейбірі атқарылып жатқан істер үшін алғыстарын білдірді. Ал, мәселесімен бөлісіп, жағдайын айтқан азаматтардың проблемасы бақылауда болмақ.