Былтырғы жылдың қорытындысымен елемізде 15,3 млн шаршы метр яғни 140 мыңнан астам пәтердің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген. Ал, 2021 жылдың жоспары бойынша 17 млн шаршы метр яғни 163 мың тұрғын үй салынуы қажет. Оның ішінде Шымкент қаласында 1 млн шаршы метр тұрғын үйді құрылыс бітіп, ел игілігіне берілмек
Еркебұлан Дауылбаев – ҚРиндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары
«Асар», «Тұран» мөлтек ауданында және Арғынбеков көшесінің бойында көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Баспаналардың құрылысын бірқатар ірі компаниялар жүргізіп жатыр..Бірінші кезекте сапаға мән беріліп, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау межеленген. Құрылыс сапасы үнемі бақылауда , дейді мамандар.
Еркебұлан Дауылбаев – Риндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары
Айте кетейік үй құрылысы электронды жүйесі биылғы жылдан бастап іске қосылмақ. Әрбір құрылыс нысанында тиісті бейнебақылау камералары орнатылып, онлайн режимде бақылауда болады. Салынып біткен тұрғын үйге байланысты барлық ақпараттар электронды форматта серверде сақталады. Кез-келген уақытта сапасына байланысты дау туындаған жағдайда, ақпаратты қарап мәселенің ақ қарасын шешуге мүмкіндік береді,- дейді Еркебұлан Дауылбаев.