Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Өнеркәсіп нысандарын салу мен өндіріс құрылғыларын дамыту іс-шаралары есебінен Шымкент қаласында өсу байқалады. Бұл бағытта Шымкент қаласы екінші орында келеді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өскен. Биыл қаңтар-наурыз айында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең үздік көрсеткіш (5,9 пайыз) Шымкент қаласында байқалды, – деді Ұлттық экономика министрі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы секторы бойынша да Шымкент қаласы екінші орында (5,5 пайыз) келеді. Жиында өңірлер бойынша қаңтар-наурыз айындағы негізгі көрсеткіштер жария етілді. Бес көрсеткіш бойынша алты өңір оң нәтижелерге қол жеткізген. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облысы және Шымкент қаласы.