7 АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

Жаңалықтар
21.04.2021, 18:43
7 АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

Төлеби ауданы бойынша 55 елді мекеннің 48-і табиғи газ жүйесімен қамтылған. Қалған 7 аймаққа газ құбырын тарту құрылысы қарқын алды. Қоғалы, Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы ауылдары көгілдір отынмен қамту ісіне 6 техника 20 ға жуық арнайы мамандар жұмылдырылды. Газ құбырының жалпы ұзындығы  47шақырымды  құрайды.

Нұралхан Шарипов – Төлеби аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы

Газдандыру жұмыстарына бюджеттен 600 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыстың бас мердігері  «Аzia RC» ЖШС. Қосалқы мердігері және техникалық қабағалаушы мекемелері бар, барлығы жұмыла кіріскен. Газ кіргізілген жағдайда 300 ге жуық шаңырақта өркениет игілігінің рахатын сезінетін болады.

Шаяхмет  Тасболұлы – Диханкөл ауылының тұрғыны

Аумақты толықтай газдандыру ісі  осы жылы аяқталады деп күтілуде. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Қазіргі таңда бұл аймақ 87 пайыз газбен қамтамасыз етілген.  Келешегі атқарылатын жұмыстар қорытындысы бойынша аудан тұрғындары 100% көгілдір отынмен қамтылатын болады дейді басшылық.

 

Сұхбат

PhotoRoom