Коронавирус инфекциясымен күрес нәтижелері, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланған жиында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баяндама жасады. Оның айтуынша қазір шаһарда, мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар. Сондай-ақ, соңғы уақытта қалада вакцина салдыру қарқыны жақсы. Статистикаға сүйенсек, бүгінге дейін Шымкентте 16 311-мұғалім, 11 043 - медицина және 6315– құқық қорғау қызметкерлері екпе салдырған. Одан бөлек созылмалы ауруы бар 4566азамат өз еркімен вакцинацияланған. Атйып өтейік қазір қаладағы 38 бекетте вакциналау жүргізіліп жатыр. Жалпы осы уақытқа дейін Шымкентте 73 972 адам екпе салдырған. Осы мәліметтерді баяндаған бас дәрігер сақтық шараларын қатаң ұстауды міндеттеді. Өйткені, соңғы уақытта әлемдегі эпидемиологиялық ахуал күрделі. Өткен тәуліктерде Германия, Өзбекстан, Үндістанда вирус жұқтыру деректері көбейген.