Вакцинация алғандарға медициналық бақылау талапқа сәйкес ұйымдастырылып, жүйелі жүргізілуде. Екпе салдыру үшін қала тұрғындарына қолайлы жағдайдың барлығы жасалуда. Емханалардан бөлек базарлар мен сауда ойын-сауық орталықтарында да салдыруға болады. Сондай-ақ, жылжымалы егу пунктін жұмыс орныңызға да шақыртуға мүмкіндік бар. Вакцинаны сіз қалауыңыз бойынша таңғы тоғыздан түнгі 12,00 ге дейін қалаған жеріңізге барып қабылдай алалсыз. Ауруды ауыздықтау үшін бірлесіп екпе салдыру қажет деді,- Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы