Эко-контейнерлер қала тазалығын сақтауға қолайлы

Рейтинг
02.07.2020, 15:14
Эко-контейнерлер қала тазалығын сақтауға қолайлы

Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын бастаыы. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ.

Шымкент қаласының аумағында қоқыс тастайтын 488 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар. Бүгінде олардың көбінің тозығы жеткен. Сол себепті, қоқыс салатын контейнерлерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту көзделіп отыр.

Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісі шықпайды.

Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықты игеру, кәдеге жарату және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын қала басшысы М.Әйтенов айтып келеді. Ол үшін ең алдымен үй қалдықтарын сұрыптап, эко-контейнерлерге жинау қажет.

Сұхбат

PhotoRoom