Сенат енгізген бұл өзгерістермен Мәжіліс келісті. Жер тағдырына қатысты заң жобасы енді Президентке жолданады. Естеріңізге салайық, енді жер шетелдіктерге, азаматтығы жоқтарға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан компанияларына, халықаралық ұйымдарға жалға беруге біржола тыйым салынды. Ал осыған дейін шетелдіктерге жалға берілген алқаптардың барлығы мемлекетке қайтарылады.