Рамазан - қайырымдылық пен ізгіліктің айы. Осы орайда қаладағы мешіт имамдарының ұйымдастыруымен қасиетті айда қайырымдылық шаралары қолға алынған болатын. 1 айға жуық шаһарда мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Бүгінде оразаның соңғы күнінде игі бастама өз мәресіне жетіп, имамдар 500-ге жуық мұқтаж жандарға азық-түлік қорабын таратып, қайырымдылық шараны қорытындалады.
Бақдаулет Әбдірахманов – Шымкент қаласының бас имамы
Қасиетті айдағы қайырымдылық тұрмысы төмен отбасыларына, көп балалы, жалғыз басты аналарға көрсетілді. Сауапты шарадан шымкенттік көп балалы ана Ұлбала Әзімханқызы да сырт қалмады.
Ұлбала Әзімханқызы – қала тұрғыны
Бүгінде елімізде пандемияның салдарынан көптеген адамдар әсіресе көпбалалы отбасылар зардап шекті. Осыны ескеріп, қасиетті айда қайырымдылық жасауды қолға алған дін өкілдеріне қала тұрғындары алғысын жеткізді. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын табады деген ойдамыз, дейді Шымшаһарлық тұрғындар.