ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 59 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛҒАН

Сараптама
18.05.2021, 21:53
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 59 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛҒАН

Статистикаға сүйенсек, Шымкентте 10-нан астам базар бар. Бірақ оның біразы елеусіз топ ретінде тілкелген. Сондықтан, ондағы қауіпсіздікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барып тексере алмайды. Себебі 2023жылға дейін мораторий жарияланған. 

Мадияр Жақсыбаев – Шымкент қаласы ТЖД бастығы

Өкінішке орай кейбір базарлар елеусіз топқа жататындықтан біз оның тек есебін аламыз. Тексеру жұмыстарына мораторий жариялданған. 2023 жылға дейін. Қазір тексеру жұмыстарын жүргізбейміз.

Өрттен бөлек Шымкентте судан келер қауіпте сейілмей тұр. Өйткені, шомылу маусымы басталмай жатып қаладағы су айдындарында 4 жазатайым оқиға орын алған. Осы жағдайдың алдағы уақытта жиі тіркелмеуі үшін төтеншеліктер тұрғындарға белгіленбеген орындарда суға түспеуді ескертеді. Жалпы шаһарда заңды жұмыс істейтін 5 орын бар.

Жәнібек Керімбаев – Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары

Тоғыс су қоймасындағы «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасындағы «Рахат Бадам» демалыс орны, Қошқар ата өзенінің бастауы, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл, «Жайлаукөл» (Тұлпар).Аталған демалыс аймақтарының иелері демалушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты болады.

Негізінде синоптиктер биыл Шымкентте ауа райының қатты ысуы күтілетінін айтып отыр. Осыны ескерген төтеншеліктер тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстауға шақырады.

Сұхбат

PhotoRoom