146 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Жаңалықтар
25.05.2021, 22:14
146 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Көп балалы ана Құралай Тоқмырзаеваның қуанышында шек жоқ. Жылдар бойына  кезекте  тұрған отбасы 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Алғаш рет баспаналы болған алтын құрсақты ана да  балалар да мәз-мейрам болысты.

Құралай Тоқмырзаева, көп балалы анна

30 Сабырлықпеп күттік бұл күнді.Кезегімізді көріп отыдық.Қуаныштымын.Пәтер ұнады.

Бір күнде Шымкентте 146 отбасы қуанышқа кенеліп, қоныс тойын тойлады. Су жаңа пәтерлерге көпбалалы отбасылар,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жайғасты. Айта кетейік, биылдыққа 1 мыңға жуық отбасына арендалық пәтер беру жоспарланған болса, 600 ден астамына пәтер кілттері табысталған.

Азамат Рысжанов  Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы  « Қалғаны жыл соңына дейін пәтерлерін алады. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 1 723, көпбалалы отбасылар – 7 889, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары – 15 152, мемлекеттік қызметкерлер – 19 844, жалғыз үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар – 27.»

Айта кетейік, мегаполисте пәтер кезегіне тұратын азаматтар қатары жыл санап артып келеді. Қазірдің өзінде 44 мыңнан астам тұрғын баспанаға мұқтаж. Жыл соңына дейін 4 мыңнан астам отбасы несиелендіру арқылы баспаналы болады деп күтілуде.

 

Сұхбат

PhotoRoom