Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап оқушылар төрт спорт түрінен – волейбол, футбол, баскетбол және шахмат ойындарынан сынға түсуде. Тартысты бәсекеде бүгін шахматтан шапшаңдылық танытқандар белгілі болды. 3-орынды №23 мектеп иеленсе, 2-орынға №9 мектеп-лицейі жайғасты. Ал, №1 мектеп-гимназия шәкірттері 1 коэффицент басымдықпен жүлделі 1-ші орынды қанжығасына байлады.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі
Жарыстың мақсаты – жастарды спортқа тарту. Бос уақыттарын қамтамасыз ету. Интеллектуалды сайысқа әр мектептің біліктілері жиналған. Жеңіс тұғырынан көрінгендер бұл сәттің оңайлықпен келмегенін айтады. Қарсыластарымыз да осал емес, соңғы сәтке дейін қандай нәтиже күтерімізді білмедік, - дейді олар.
Мұхаммедали Уалиев – жеңімпаз команда мүшесі
0:27 Шахматпен 6 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Дайындық қарқынды жүрді. Қарсыластарывмыздың бәрі мықты болды. Әсіресе, 9-мектеп. 1 коэффицентпен алға шықтық.
Жеңімпаз командаға 20 миллион теңге табыс етілді. Қалған жүлдегерлер диплом және Кубоктармен марапатталды. Мектептің бұл қаражатты қайда жарататынын, мектеп мұқтажына жарату шартымен білім ордасы ұжымының өзі анықтайды.
Гүлназ Әбілдаева - Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры
Бүгінгі жеңіс ол бір күндік еңбек емес, 8 жылдың жемісі. Қарсыластарымыз өте мықты. Соңғы 8 жыл бойы біздің шәкірттермен жұмыс жасаған жетекшіміз Ринат Уалиханұлына мың алғыс.
Айтып өтейік, спорттың шахмат түрінен сайысқа 140 мектеп қатысуға өтінім білдіріп, 560 оқушы бақ сынады. Ақтық мәреге 16 команда өткен болатын. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынға «Шымкент жастар лигасы» жобасы жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ