1 маусым күні кез келген 15 жасқа толмаған жасөспірім қоғамдық көліктерде жолақысын төлемей, тегін жүре алады. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді. Айтып өтейік, үшінші мегаполисте 18 көлік компаниясы 71 бағытта, 782 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлікте жүрудің ережесіне сай, қалада 7 жасқа дейінгі балалар тегін тасымалданса, 7 мен 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік жасалған. Ал, 15 жастан жоғары балалар мен студент жастар 50 теңге төлейді. Жалпы қалада электронды билет жүйесі енгізілгелі бері «TOLEM» картасын 56 мың оқушы мен 1950 студент алып, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.