ҚАЛАНЫ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСТЫРЫЛУДА

Рейтинг
02.07.2020, 19:06
ҚАЛАНЫ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталығында орналасуына байланысты, демалыс аймақтары мен мәдени нысандардың көбісі аудан аумағында орналасқан, атап айтар болсақ 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.

Қәзіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Соның бірі, «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары» жобасы. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады.

Сондай ақ, «Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары» жүргізілуде. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады.

Бұл өз кезегінде, Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының демалуына ыңғайлы орта болатын аумаққа айналатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom