Сайысқа 15 команда, 250-ге тарта спортшы қатысты. Апта бойына жалғасқан сайыс қорытындысына сәйкес Алматы қаласының құрама командасы эстафеталық жарыста Республикалық жастар арасында рекорд орнатты. Бұдан бөлек Шымкент қаласы құрамасының спортшылары да өз рекордтарын жаңартты.
Абдижамил Алихан - орталық су спорты кешенінің басшысы
Бұл сайыс алдағы Теміртау қаласында өтетін «Көңілді дельфин» - ҚР чемпионатына іріктеу болып саналады. Жалпы командалық есепте Аламаты қаласы 1 орынды 1479 ұпаймен иеленсе, 2-орынға Қостанай облысы 1071 ұпаймен тұрақтады. Ал қола жүлдені Ақтөбелік «Достық» мектебі қанжығасына байлады. Жерлес спортшыларымыз бұл жолы тек жекелей сында ғана жеңіс тұғырынан көрінді.