Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіру болып табылады. Сонымен қатар жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Рахымберді Мүлкеманов – Шымкент қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы
Отырыста хабарлама жасаған “Jas Otan” Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы – МағжанИсахов: «Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасының «Жол картасының» аясында жұмыс атқару қажет. Біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қоямыз. Оның жолдары осы бағдарламада нақты белгіленген. Іске асырылуы орталық және аймақтық деңгейлерде келесі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.
Мағжан Исахов -“Jas Otan” Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы
Айта кетейік, бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді.