14 МАУСЫМ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОР КҮНІ

Жаңалықтар
14.06.2021, 22:43
14 МАУСЫМ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОНОР КҮНІ

Акцияның мақсаты -  жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру болды. Сонымекн қатар донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау, өскелең ұрпаққа донор болғанның ешқандай зияндығы болмайтынын түсіндірілді. Қаламызда донор жандардың қатарын көбейту және жастарды игілікті іс жасауға шақыру қажет дейді,- Амангелді Нұрлыбаев.

Амангелді Нұрлыбаев  –Шымкент қалалық қан орталығының директоры

Акция барысында алдымен қатысушылары денсаулықтары толық тексеруден өткізіп,  қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді.Аталмыш акцияға қала тұрғындары, Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, волонтерлер және жалпы саны 100-ге жуық адам қан тапсыруға қатысты.

Нұрлыбек Төлепов – қала тұрғыны

Айта кетейік,шараға қатысушыларға арнайы фуршет дайындалып, донорларға мерекелік сыйлықтар табысталды. 

 

Сұхбат

PhotoRoom