Токио олимпиадасы қарсаңында ұйымдастырылған бұл турнир расында да жыл сайын талай жас талантты боксшылардың тұсауын кесуде.Биыл тоғызыншы мəрте жалауы желбіреген халықаралық турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тəжікстан жəне Қытай елдерінен 100-ге жуық боксшылар қатысып, рингтің көркін қыздыруда. Əлемдік аренадағы бұл жарыстың ел спортының дамуы барысында маңызды екендігін айтқан Түркістан облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарыстың ашылу салтанатында жас былғары қолғап шеберлеріне сəттілік тіледі. Жиынға арнайы қатысқан Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбеков қазақстандық боксшылардың барлық олимпиада ойындарында топ жарып кележатқанын, облысымызда бокс спортының əлемдік деңгейде дамытылып жатқанына тоқталды. Токио олимпиадасына санаулы күндер қалды. Биылғы төрт жылдықтың басты додасында да жұдырықты жігіттеріміз олимп шыңын бағындыратын болады. Бұл жетістік-əрбір жас былғары қолғап шеберлеріне күш-жігер беретіні анық.
Жекпе жекке шығып, еліміздің намысын қорғап жатқан түркістандық жас өрендеріміз өздерінің мықтылықтарын көрсетуде. Айтакетерлігі, жарыс жеңімпаздары алдағы кезде Дубайда өтетін Азия чемпионатында өнер көрсететіндіктен бокстан Қазақстанның жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Сатжанов бокс додасына арнайы қатысуда. Бұ лдодаға АИВА-ның халықаралық деңгейдегі төрешісі Дулат Бөкебаев бас төрешілік жасауда. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнирді білікті басшы Сейтжан Жанысбаев басқаратын облыстық №5-ші олимпиадалық спорт мектебі ұжымы ұйымдастыруда. Жекпе жекте тек мықтылар ғана жеңіске жетеді. Бұл додаға елімізге танымал боксшылар Болат Жұмаділов пен Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев қатысуда. Сидней төрінде күміс жүлде алған атақты былғары қолғап шебері Мұқтархан Ділдəбековты спорт сүйер қауым Оңтүстік Қазақстан облысы мен Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы екенін, «Парасат» орденінің иегері екенін жақсы біледі. Олимпиада ойындары мен əлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұқтархан Қобыланбекұлының осындай спорттағы ғаламат жетістіктері əрбір жас боксшыға жігер береді.