Мәселен, «Шымкент Темір» ЖШС-і өндірістік қуаты жылына 300 000 тонна болатын үздіксіз құйылған дайындама, ұсақ сұрыпты болат және созба сым өндіру зауытын салу және өндірістік қуаты жылына 360 000 тонна тікелей қалпына келтірілетін темір өндіру зауытын салу туралы жобасын ұсынды. Аталған жобаларға «Жұлдыз» индустриялды аймағынан 100 гектар жер бөлінген. Жоба іске қосылған сәтте 1500 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қажетті инфрақұрылымдық жүйелер қосылған кезде құрылыс жұмыстары басталады. Қала әкімі аталған жобаны өзінің жеке бақылауына алып, әр ай сайын арнайы кездесу ұйымдастыруды тапсырды.