ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Жаңалықтар
30.06.2021, 23:09
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе – кәсіпкерлікті дамыту. Бұл үшін мемлекеттен жан-жақты қолдау көрсетіліп-ақ келеді. Алайда, қолайлы экономикалық орта мен мықты кәсіпкер бағытының орындалмай қалуы мүмкін тәуекелдер бар көрінеді. Жиында сөз алғандар басқарма басшысын сауалдың астына алды.

Береке Дүйсебеков - Шымкент қалалық кәсіпкерлік және  индустриялды–инновациялық даму басқармасының басшысы

Шаһарда бірқатар өндіріс орындарының құрылысы кестеге сай емес. Барының жұмысы тұралап тұр. Өйткені, кейбір кәсіпкерлік нысандарының іске қосылуына инфрақұрылым жүйелерінің дұрыс жүргізілмеуі қолбайлау. Мұхтар Тұрабеков  - «Оңтүстік» индустриалды аймақ дирекциясының директоры 

Сайлауалды бағдарламада көрсетілген барлық көрсеткіштер сапалы әрі уақытында орындалуы қажет. Бұл партияның халыққа берген уәдесі. Сондықтан оның орындалмай қалуына қатысты азаматтар жауапқа тартылады. Қала әкіміне кеңес мәжілісінің қорытындысымен қызметіне сәйкес еместігі туралы ұсыныс беріледі.

Кеңейтілген мәжіліс соңында Жанар Әлібекқызы  жауаптыларға консультативтік-кеңесші орган функциясын сапалы атқаруды тапсырды. «Nur Otan»-ның бағдарламалық құжаттарын жақсарту мен партия стратегиясының бағыттарын әзірлеу міндеттері жүктелді.

Сұхбат

PhotoRoom