Несие негізінде 4 бірдей бағдарламаның, яғни, «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша берілетін тұрғын үй сертификатын алуға мемлекеттік қызметкерлер мен бюдеттік сала мамандары, сондай-ақ, толық емес отбасылар мен көпбалалы және мүгедек бала асыраушы жанұялар қатыса алады.
Азамат Рысжанов – Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы
Миллионды қала тұрғындарына растау қағаздары екі жылдан бері беріліп келеді. Нақтырақ айтар болсақ, 2019 жылы 21 азаматқа жалпы сомасы 20,4 млн теңгенің сертификаты берілсе, өткен жылы 101 адамға жалпы сомасы 100 млн теңге көлемінде үлестірілген. Ал, биылғы ұсынылатын тұрғын үй сертификатының көрсеткіші соңғы жылдармен салыстырғанда едәуір артып отыр, яғни кемінде 500 азаматқа беріледі деп жоспарлануда.
Азамат Рысжанов – Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы
Жыл басынан бері сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен 608 азамат қамтылыпты. Ал, жыл соңына дейін олардың санын 976 адамға жеткізу межесі тұр екен. Баспаналы болғандардың арасында жетім балалар мен көпбалалы, әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтар бар. Осы орайда, жағымды жаңалықты жеткізген басқарма басшысы 2018 жылға дейін жалға берілген пәтерлерді жекешелендіруге болатынын айтып өтті. 6 айдың ішінде 92 азамат үйлерін жекешелендіріп үлгеріпті. Айта кетейік, несиелік бағытта тұрғын үй алушылардың саны соңғы жылдары артып келеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында несиелік бағытта тұрығн үй мәмлелерін жасап, баспаналы болған азамттар саны 1553-ке жеткен.