Жиын басында дендрологиялық саябақтың даму концепциясы талқыланды. Жауаптылар дайындаған орыс тілді бейнежазба НұрОтандықтар тарапынан сынға ұшырады. Себебі, келтірілген мәліметтер шынайы емес. Сондай-ақ, қойылған бірнеше сұраққа мүдірген Нұрсұлтан Кенжебаев олқылықты қызметке жаңа келуімен байланыстырып, алдағы уақытта аталмыш мәселелер оң шешімін табатынын жеткізді.
Жиын барысында қалада жасыл белдеу құру үшін 13 мың гектар жерге 6,5 миллион ағаш отырғызу жайы талқыланды. Көшеттерді екпес бұрын жерге жағдай жасау, оларды суару мен жерсіндіру мәселелері сөз болды. Жасыл желектің жайқалмауының себебі мен салдары кеңінен айтылды. Бұдан бөлек, «Ынтымақ-2» шағын ауданындағы кәріз суынан шығатын жағымсыз иісті жою жөніндегі атқарылған істер баяндалды. Су ресурстары маркетингі» ЖШС-нің мамандары бұл жағдай 6 ай ішінде толық шешілетінін жеткізді.
Роза Байсариева – қала тұрғыны
Өзекті мәселелер мен стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін «Nur Otan»-ның 217 сайлауалды бағдарламасы әзірленген. Онда айтылған мәселелерді шешу мен жоспарларды іске асыру бойынша Жол карталары бекітілгені белгілі. Жол картасының жүзеге асуын бақылау үшін жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленген.