Бүгіннен бастап «Бал текстиль» кілем фабрикасынакіріп-шыққан әрбір азаматтың коронавирусқа қарсы статусы тексеріледі. Азаматтар туралы ақпараттың барлығы ортақ базаға тіркеледі. Ал, қандайда бір азаматтан қауіпті белгі байқалса бірден эпидемиолог мамандарға хабар түседі. Бұл осындағы 350-дей жұмысшының қауіпсіздігі үшін қажет дейді мамандар.
Дәулет Қанашаев - «Бал текстиль» кілем фабрикасы директорының орынбасары
Бізде жұмысшылардың көбісі коронавирусқа қарсы екпе салдырғанымен бізге сырттан келетін қонақтар көп болады. Осы қонақтар коронавирус инфекциясын тараттырмау мақсатында осы ашық қосымшасын орнатып жатырмыз. Бұл біздің қауіпсіздігімді арттырады деп ойлаймын.
Ашық қосымшасынан бөлек бүгінде қаладағы кәсіпорындарда вакциациялау жұмыстары да қарқынды. Соңғы бір аптаның өзінде Шымкенттегі кәсіпорындарда мыңға жуық жұмысшы коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Оның ішінде «АГФ груп» өндірістік кооперативінің 70 жұмысшысы бар.
Кенжеқұл Мұратәлиев - «АГФ груп» өндірістік кооперативінің бас инженері
Осы пандемия басталғалы қанша кәсіпорындар тоқтап қалды. Жартылай тоқтады. Енді біз осы мекемеміздіңістеп тұрған қалпын тоқтатпау үшін қажет вакцина. Сондықтан жұмысшыларымызға айтып түсіндіріп жатырмыз.
Өз еркімен екпе салдырғандардың бірі Сәния. Өндірістік кооперативінде тігінші болып еңбек ететін келіншек өткен жетіде ғана екпенің екінші компонентін қабылдаған. Ол шешімге өзінің амандығымен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін барғанын айтады.
Сәния Аманбаева – тігінші
Факсина салдыруға мүмкіндік бар. Осы жұмысқа келіп салып кетіп жатыр. Өзіміздің сақтығымыз үшін факсина салып алдық. Біз жолда жүреміз, көпшілік орытадан барамыз. Автобусқа мінеміз үйге барамыз. Сол себепті балдардың да қауіпсіздігін ойлап вакцина салдырып алдық.
Жалпы алғанда Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында қазір 25 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оларда шамамен 1600-ден астам адам еңбек етеді. Сол жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аймақ дирекциясы барлық кәсіпорындарға ашық қосымшасын ендіруді жоспарлап отыр.
Нұржан Дүйсенов – «Оңтүстік» АЭА АҚ басқарма төрағасы
Ашық платформасы бойынша жұмыс жасалып жатыр бізде. Пилоттық жоба ретінде ірі-ірі кәсіпорындарға ол жоба қойылған. Алдағцы 1 айдың ішінде жұмысты толық бітіреміз деп отырмыз.
Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін жаппай вакцинациялау жұмыстары әлі де жалғасуда. Ол жұмыс қала аумағындағы 40-дан астам емдеу орындарында жүзеге асып жатыр. Одан бөлек арнайы мекемелерге барып екпе салумен айналысатын 25 мобилді топ жұмыс істеуде.