Егер еске салсақ өңірге газ тарату мекемесі осыдан біраз бұрын 2021-20025 жылдар арлағындағы бес жылға тарифті бірден екі есеге көтеру туралы ұсыныс жасаған болатын. Олардың бұл әрекетін табиғи монополияларды реттеу департаменті мақұлдамағаннан соң монополист заңға жүгінді. Алғашқы сот отрысында газ тарату мекемесі жеңіске жеткенімен, кейіннен аппеляциялық сот, одан кейін жоғары сот департаменттің талабын дұрыс деп тапты. Онымен қоса қазір қолданыстағы көгілдір отын тарифин 3 тиынға төмендету туралы шешім қабылданды.
Дархан Қайнбердиев -Шымкент қаласы бойынша монополияларды реттеу департаментінің басшысы
31,59 теңге еді бір куб халық үшін. Енді 31, 56 тиынға керісінше түседі. Көтерілмейді. Бұл кемінде бір жыл қолданыста болады.
Департамент келтірген дерек бойынша тариф құны жылына бір рет бекітіліп отырады. Енді Түркістан облысымен Шымкент қаласының тұрғындары келесі жылдың шілдесіне дейін көгілдір отынның әр текше метріне 31 теңге 56 тиыннан төлейді. Бұл осы уақытқа дейінгі тарифтен 3 тиынға төмен. Бағаның төмендеуін департамент басшысы тұтынушылар санының артуымен байланыстырып отыр.
Дархан Қайнбердиев - Шымкент қаласы бойынша монополияларды реттеу департаментінің басшысы
Түсірген себебінің бірі ол бізде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында пайдалану көлемі көбейіп отыр. Өздеріңіз білесіздер Шымкент республикалық статус берілгелі бері және Түркістан облысында барлық жаққа газ өтіп жатыр. Түркістан өзі үлкен болып өсіп жатыр. Сол жерде пайдалану көлемі көбейіп жатыр. Көлем өскен сайын тариф төмендейді.
Айтып өту керек, көгілдір отын құны төмендеген екі аймақта да тариф бағасы осыдан 3 жыл алдын яғни, 2018 жылы 10 пайызға төмендеген болатын.