СЕНАТОРЛАР МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жаңалықтар
03.08.2021, 15:30
СЕНАТОРЛАР МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жиынды  Шымкент қаласы  мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов жүргізіп, депутаттар тарапынан бірнеше өзекті сауалдар қойылып шешу жолдары талқыланды. Атап айтар болсақ әлеуметтік, экономикалық, медицина, тұрғын үй, кәсіпкерлік, сонымен қатар қаламыздағы бірнеше басым бағыттар бойынша сауалдар қойылды. Өз кезегінде сенаторлар Парламент жоғарғы палатасының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын және қабылданған заңдардың маңызы туралы егжей тегжейлі хабардар етті. Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары жергілікті атқарушы органдарына инфрақұрылымдық жүйелерге қатысты жоспарлау мәселелері бойынша және медицина саласына  дербес құзырет беруге қатысты қажетті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесі де көтерілді.  Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова мәслихат депутаттары көтерген сауалдар мен ұсыныстарды жан-жақты қарап, мәселелерді толықтай зерделегеннен кейін Парламенттің жұмысы барысында шешуге ықпал ететіндігін жеткізді.

СЕНАТОРЛАР КӨЛІК - ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Сондай-ақ, сенаторлар жергілікті депутаттармен кездесіп, Шымкент қалалық көлік-логистикалық орталығының қызметімен де танысты. Бұндағы қосымша құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Жалпы орталықтың тауарларды сақтау және тасымалдау мүмкіндігіне оң бағасын берді.

Нұрлан Бекназаров - ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шаһарға арнайы келген сенаторлар орталық басшыларымен және оның қызметін пайдаланушылармен кездесті. Шенеуніктер мұның үлкен қажетті жоба екенін айтуда. Айта кетейік, логистикалық кешеннің аумағы 65 гектар. Оның қазір тек 35 гектары игеріліп отыр.

 

Сұхбат

PhotoRoom