Құрылысқа жауапты бас мердігер - «АРТ-құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қараша айында басталған еді.Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл тамыз айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді.
Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Әлеуметтік нысанның құрылысы өткен жылы наурыз айында басталған. Жауапты мердігер мекеме - “Жаңа Арна 2002” ЖШС. Жобаның сметалық құны - 1 020 553,0 мың теңге.Құрылысты жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқтау жоспарланған.Сонымен қатар, қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусы құрылысының барысын да аралады .Нысан құрылысы “А.Р.Т.-Құрылыс” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.