ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жаңалықтар
10.08.2021, 15:36
ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бұл нысанның жалпы  құны  118 млн теңге.  ФАП ғимаратының құрылысын «Satti Group» ЖШС –і атқаруда. Құрылыс жұмысына ауыл тұрғындарының 30 пайызы тартылған.   Үш жүзге жуық отбасы мекен ететін Екпінді ауылына қарасты медициналық пункттің әбден тозығы жеткен болатын.

Мақсат Жұмабаев – Төлеби ауданы Алатау ауыл округінің әкімі

Жалпы біздің округ аумағында 10 ауыл бар. Оның 7-де жаңа пункт бар Бұл 8-ші. Алдағы уақытта

Ескі ғимаратта отырған дәрігерлер үшін жұмыс істеуге ешқандай жағдай жасалмаған еді. Ауыл халқының өтінішімен жаңа ғимарат құрылысы бүгінде қарқынды жүруде. Фельдшерлік – акушерлік пункт 15 бөлмеден тұрады, бұл жерде күндізгі стационар жұмыс істейді.

Мақсат Жұмабаев – Төлеби ауданы Алатау ауыл округінің әкімі

Мамыр айының бірінен бастап құрлыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 30-шы қыркүйекке дейін тапсырамыз.

Бұл нысан іске қосылса аймақ тұрғындарына қолайлы болмақ. Шалғай ауылдағы ағайын алысқа сандалмайды.  Дәрігердің қабылдауында болған науқас емін алысқа бармай, осы жерде қабылдауына толық мүмкіндік қарастырылған.

Сұхбат

PhotoRoom