МОБИЛЬДІ ТОПТАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Жаңалықтар
18.08.2021, 15:56
МОБИЛЬДІ ТОПТАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Адам қарасы үзілмейтін орындардың бірі базарлар мен сауда үйлері болғандықтан, ондағы санитарлық талаптар үнемі бақылауда болуы қажет. Осы орайда, қаладағы мобильді топтардың саны көбейіп, күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Еңбекші ауданы бойынша 10 мобильді топ аудан аумағындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерде үздіксіз бақылау жүргізуде.

Сабыржан Бектаев  - сатушы

Карантиндік талаптардың қатаңдауы саудагерлердің біраз қытығына тигенімен, бүгінде біршама тәртіп орнады дейді, базар әкімшілігі. «Ашық» арқылы жұмыс жасап отырған олар, қауіпсіздік өздері үшін қажет екендігін жақсы түсінеді.

Ғазиз Исаев - Базар басшысы

Халыққа барынша түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отырған мобильді топ мүшелері, аудан аумағындағы адамдар көбірек шоғырланатын «Север» сауда үйінің маңына арнайы бір топты бекіткендерін айтады. Бүгінде біршама нәтиже бар, дейді салаға жауапты маман. 

Мақсат Серікбай – Мейрамхана әкімшісі    

Еңбекші ауданы бойынша жұмыс жүргізіп жатқан мобильді топ мүшелері өткен апта ішінде 1068 нысанға бақылау жүргізіп, карантин режімін бұзған 12 жағдайды анықтаған. Осы орайда, көпшілік іс-шара өткізудің жолы кесіліп,  тойға келгендер тарқатылды.  

Сұхбат

PhotoRoom