Бүгінгі қоғамдық кеңес отырысы жаңа мүшелерді таныстырудан басталды. Жиынның күн тәртібіне 5 мәселе қойылды. Отырыста ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, білім салаларында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар талқыланды. Карантин кезінде жұмысы шектелген бизнес өкілдерінің бүгінгі жағдайы қоғамдық кеңестің тақырыбына арқау болды. Саланың жұмысымен жіті танысып шыққан кеңес төрағасы «Ashyq» бағдарламасының жұмысын сынға алды. Айтуынша, бұл жоба пандемиядан әупірімдеп әрең қимылдап тұрған шағын бизнесті әбден титықтатып тынған.
Нұрғазы Бұқарбаев қоғамдық кеңестің төрағасы:Сонда лидерлерлер лидер бола беру керек пе, шағын бизнесті қолдан өлітіріп жатыр....
Ауылшаруашылығында да алпауыттардың асығы алшысынан түсіп тұр. Жалпы, бұл бағытта биылдыққа тындырылған тірлік көп. Алайда, кеңес мүшелері сала басшысының сала құлаш баяндамасын тыңдаудан гөрі бірден нақты сұрақтарға көшуді жөн көрді. Агроқұрылымға сырттай талдау жүргізген антикорлықтар субсидияның берілуінде шикілікті байқапты. Айтуларынша, Үкіметтен үйіліп беріліп жатқан мемлекет қолдауынан ұсақ шаруашылықтар шет қалуда.
Жани Қамбар «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы: Субсидияны тек ірі шаруашылықтар ғана алады....
Асқар Қаныбеков, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы: бұл бойынша өзіміздің ұсыныстармызды жасадық....
Кеңес мүшелері атқарылған ауқымды істерді оң бағалап, ақсап жатқан тұстарға қатысты сын-ескертпелерін жеткізді. Жауаптылар ұсыныстардың ескерілетінін айтып, жұмысты жолға қоятындарына сендірді.