ПАНДЕМИЯ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚОЛБАЙЛАУ ЕМЕС

Жаңалықтар
23.08.2021, 15:59
ПАНДЕМИЯ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚОЛБАЙЛАУ ЕМЕС

Мәжілісіменден жаңадай бой түзген «Shymkent City» шағын ауданындағы 10 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылыс басына барды. Қарапайым жұмысшылармен кездесіп жағдайларын білді. Заман талабына сай тұрғызылып жатқан әсем үйлер жасыл қаланың шырайын кіргізіп, халықтың баспанаға деген мұқтаждығын шешеді. Басты мақсат дүниенің сапалы болуы ,дейіді депутаттар.

Берік Оспанов – ҚР Парламент мәжілісінің депутаты

Тұрғы үй құрылысын «Damdes Құрылыс invest» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Жалпы аумағы 29.622 шаршы метрді яғни, 420 пәтерді құрайды. Пәтерлер желтоқсанда ел игілігіне берілмек.  Өз кезегінде мердігер компания басшысы құрылыс материалдарының күрт қымбаттау, пәтер бағасында әсер ететінін  атап өтті.   

Аят Балтабай – жоба жетекшісі

Мәжіліс депутаттары құрылыста отандық тауарларды көбірек пайдаланып халыққа барынша ыңғайлы жағдай жасауды ұсынды. Оған қоса аулаларды абаттандыру мен көлік тұрақтарын оңтайластыруды ұсынды. Жалпы қала аумағында құрылыс партия өкілдерінің жіті бақылауында болмақ. Мәжіліс депутаттары мердігерге жаңа тұрғын үй кешенінен аз қамтылған отбасыларға қолжетімді бағамен баспана қарастыру жағын да атап өтті. Бұның барлығы  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы негізінде жүзеге асырылмақ..

Сұхбат

PhotoRoom