ШЫМКЕНТ: «АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» ЖҮЙЕСІ 20 ЖЕРГЕ ОРНАТЫЛДЫ

Рейтинг
03.07.2020, 20:19
ШЫМКЕНТ: «АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» ЖҮЙЕСІ 20 ЖЕРГЕ ОРНАТЫЛДЫ

«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс істейді.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ - 3, Металлург саябағы - 3, Жеңіс саябағы - 3, Дендро саябағы - 3, Қошқар ата - 2

Сұхбат

PhotoRoom